$500.32 €545.3 ₽6
×

Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында маңызды мәселелер көтерілді

19.03.2025ж. 20:00
138
Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында маңызды мәселелер көтерілді

Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында маңызды мәселелер көтерілді. Ондағы өзекті тақырыптар ел арасында қызу талқыланып жатыр. Халық әсіресе, интернет алаяқтардан жиі зардап шегеді. Сондықтан жұртшылық  Президенттің осы алаяқтық әрекеттер мен  халықты тәрбиелеп, ақыл айтқыш коучтар мен тренинг өткізгіш психологтар мәселесін шешуді жауапты органдарға тапсырғанын ерекше қолдайды.   

БЛИЦ:

- Қазір көптеген әлеуметтік желілерде әлеуметтік парақшаларында отырып алып, белгілі топтарды жинап, тақырып қозғап коуч, тренинг өткізетіндер көп. Үйде отырып дивандағы ақыл сымақтар заманы белең алып бара жатыр. Мұнымен күресу керек. Көптеген адамдар алданып қалып жатыр.
- Адамдардың пәленбай жыл жинап, бір нәрсе алайын деп тұрған ақшасын оп-оңай біреудің алып кетуі қиын жағдай деп ойлаймын. Адамдар сақ болу керек. Әсіресе өздері пенсияға қарап отырған адамдары. Мен ол алаяқтар банкпен байланысты деп ойлаймын. Себебі қалай кез-келген адамға банк кредит бере береді.