$500.32 €545.3 ₽6
×

Алматыда қайырымдылық шарасы өтті

AstanaTV
19.03.2025ж. 20:00
65
Алматыда қайырымдылық шарасы өтті

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының Алатау аудандық филиалы қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қарияларға Наурыз мерекесіне орай әзірленген себеттер таратылды. Шара «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі істер бір күндік шарамен шектелмейді. Жыл бойы қарттарға көмек көрсету, қамқорлық таныту тұрақты түрде жалғаса бермек.

ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қарттардың үйлеріне барып жатамыз. Мына қыстың мезгілі кезінде жас ұрпақты апарып, мына қолжәрдем беріп жатамыз. Ауланың ішін қардан күреу, тағы басқа осы жәрдемді осы партия көмегінен ылғида беріп отырамыз.