Астанада бата беруден ақсақалдар арасында сайыс өтті. Оған қала мен айналадағы ауыл-аймақтардан келген 7 қария 7 бағыт бойынша сынға түсті. Яғни, наурыз мерекесіне, отауға, балаға, жолаушыға, асқа, тойға және ақ бата беріп жарысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат - бата беру дәстүрін жаңғырту, батагөй қарияларымызды көбейту, ұлттық дәстүрімізді насихаттап, сөз қадірін түсінетін ұрпақ тәрбиелеу дейді.
МЕКЕБАЙ ҚӘКЕНҰЛЫ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Бұған дайындалдық. Бұл ақ батаға құрметтеп шақырғаннан кейін. Ұлыстың ұлы күні - наурыздың мейрамына сай ақ бата дайындадық. Өте қуаныштымыз. Ақ бата деген қазақтың сөздің төресі, ақ бата деген бүкіл өмірдің бастауы.