Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 2 жарым мың түп көшет егілді. "Таза Қазақстан" акциясы аясында 2 мыңнан астам адам көшелерді сыпырып, қар астында қалған қоқыстарды тазалады, ағаштарды бұтап, түптерін әктеп шықты. Жаңару күнінде жасалған игі іс аясында өзен жағалары да тазартылды. Сондай-ақ «Наурызнама» онкүндігі барысында спорттық жарыстар да өткізілді. Ауыл тұрғындары гір тасын көтеру, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.
ТҰРСЫНӘЛІ ДҮЙСЕНБЕКОВ, ТҰРҒЫН:
Көшеміз әдемі болып қалды. Мінекей әктеп жатыр. Ағаштарды бұтап жатыр. Жаңадан көшеттер отырғызылып жатыр. Осының бәрі ертеңгі біздің өсіп- өнуімізге, болашақ балаларымызға соларға қалатын үлгі өнеге.