Елордада «Өзіңнен баста» атты тазалық челленджі өтті. Шара жаңару күніне орай ұйымдастырылған. Тұрғындар ауладағы қарды шығарып, айналаны қоқыстан тазартты.
Челленжді біркісідей қолдағандардың бірі -Сарайшық ауданының тұрғындары. 50-ден астам адам таң атқалы ауладағы қар күл-қоқысты шығарды. Кішкентай бүлдіршіндер де үлкендерден қалыспай, шараға атсалысты.
ТИМУР АЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Көңіл-күй өте керемет. Тазару күніне орай жасалып жатқан іс-шара. Біз одан қашпаймыз. Себебі біз өзіміздің үйімізді өзіміз жалпы тазалықта өмір сүруіміз керек.
ДӘУІРЖАН ЕРЖАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз өзіміздің табиғатымызды қорғап тазалауымыз керек. Бізді апай шақырды. Өз еркімізбен келдік. Біз жасөспірімдер болып осы ісімізді басқа құрдастарымызға насихаттаймыз.
Тұрғындар мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да ауланы абаттандару мен көгалдандыруды жоспарлап отыр.
ГАУРИ ЖОМАРТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Енді мына қар кеткен кезде біз әрбір талды ақтаймыз түбін. Одан кейін мына балалардың ойнайтын жеріне дейін барлығын тазалап шығамыз. Біздің тұрғындарда өте жақсы. Қоқыс шашып темекенің қалдықтарын да шашып кетпейді. Бірақ жаңағы жапырақтардан жинап тұрамыз. Үлкен кісілер жастармен бірігіп міндетті түрде конкурстар ұйымдастырамыз. Әр адамның денсаулығы біз үшін маңызды. Сол үшін біз ауламызды таза ұстауға тырысамыз.
Айта кетейік челлендж аясында жастар ыстық бауырсақ пен шай таратты. Берекесі жарасқан көршілер Ұлыстың ұлы күнін де аулада кең көлемде атап өтпек.