Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дүйсенбіде "Астана" телеарнасының тілшісі ЭКСПО-дағы Германия павильонынан тікелей эфирге шығады

AstanaTV
16.06.2017ж. 20:00
3123
Дүйсенбіде "Астана" телеарнасының тілшісі ЭКСПО-дағы Германия павильонынан тікелей эфирге шығады

Бір апта бұрын басталған халықаралық ЭКСПО көрмесі қонақтарды құшақ жая қарсы алып, келушілерді түрлі инновациялық жобалармен, мәдени бағдарламалармен таң қалдырып жатыр. Барлық павильонды аралап шығуға бір күн аздық етеді.

Көрмеге қатысушы елдердің бағдарламалары қызық, әрі сан алуан. Барлығын қамтып, қызықты сәттерді жіберіп алғың келмейді. Әрі ауыл-аймақтардағы көрмеге келе алмай қалған халықтың да бұл ғажайыптарды көргенін қалаймыз.

Сондықтан 19 маусым күні, дүйсенбіде "Астана" арнасы "ЭКСПО-2017 күнделігі" аясында жұртты Германия павильонымен таныстыратын болады. Ол көлемі жағынан ең ауқымды екенін айттық. Тікелей эфирге шығатын тілшіміз, әуесқой көлік жүргізушісі Ерлан Сисеновті павильондағы BMV-ның жаңа эко-моделі қызықтырған. Германияның өзінде мұндай көліктер санаулы ғана. Барлық қызықтарды дүйсенбі күні сағат 16-00-де көре аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар!