Будапештте (Мажарстан) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еліміздің намысын халықаралық турнирде 6 спортшы қорғайды.
Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.