Түркияда Ыстамбұл қаласының оппозициялық мэрі Экрем Имамоглу қамауға алынғаннан кейін наразылық шерулері басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркияның негізгі оппозициялық партиясынан президенттікке кандидат болған мэр таңертең ұсталған соң Ыстамбұл университетінде студенттер полициямен қақтығысып қалды. Ол Түркия президенті Ердоғанның басты қарсыласы болып саналды.
Полиция наразылық білдірушілерге күш қолдануда.
Кадрда студенттердің полицияның баррикадасын бұзып өткені көрінеді.
Студенттер полиция баррикадасынан кейін Саражанға қарай жылжыды.
Ыстамбұл тұрғындары да Мармарай Йеникапы станциясында заңсыздыққа қарсы шығып:
Жалғыз құтқару жоқ – не бәріміз бірге, не ешқайсымыз (...) Ыстамбұл, ұйықтама, әкіміңді қолда!,- деп ұрандатуда.
Сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы Ризе қаласында да наразылық шарасы өтіп жатыр.