АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Екеуара әңгіме шамамен бір сағатқа созылған.
Талқылаудың басым бөлігі кеше президент Путинмен болған телефон әңгімесіне негізделді, оның мақсаты – Ресей мен Украинаның сұраныстары мен қажеттіліктерін үйлестіру. Біз белгіленген бағыт бойынша ілгерілеп келеміз. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолтц бұл әңгімелемулер туралы толығырақ баяндап береді. Бұл мәлімдеме жақын арада жарияланады, – деп жазды АҚШ президенті әлеуметтік желіде.