Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңғалдырды, – деп хабарлайды 1bol.kz.
Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.
«722 келі. Бұл – жаңа рекорд», – деді Назым Қызайбай.
Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдегер атанды.