$500.32 €545.3 ₽6
×

Ақтаулықтар түтін иісіне шағымдануда

AstanaTV
20.03.2025ж. 00:10
135
Ақтаулықтар түтін иісіне шағымдануда
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөміріне қоңырау шалып, түтіннің иісіне шағымданғандар көп.

Өрттің иісі Мұнайлы мен Түпқараған аудандарында, Форт-Шевченко мен Ақтау қаласында сезілуде.

Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, бірнеше аумақта атмосфералық ауадан сынама алу үшін, мамандар жұмылдырылған.

— Осы оқиғаға байланысты Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ шекаралас республикалардың төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы мен Түрікменстанның Балқанабат қаласының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органы, Әзербайжан республикасынан ақпараттар сұратылды. Алдын ала болжам бойынша Ресей Федерациясының Астрахань облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық ақпараты бойынша, иіс қамыстың тұтануынан болуы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен экологтар мониторинг жұмыстарын жүргізуде.