Көкшетаудағы монша кешенінде әкімші болып жұмыс істеген 19 жастағы қыз ақылы түрде жыныстық қызмет көрсететін қыздарды клиенттерге ұсынғаны үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушының кінәсі тінту кезінде алынған айғақтармен, жасырын тергеу материалдарымен, сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденді. Куәгерлер де оған қарсы жауап берген.
«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және оның орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын ескерді. Үкім бойынша К.-ға 2 жыл 6 ай шартты мерзім тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», – деп хабарлады сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.