Байланыс
және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистерді марапаттау шаралары
басталып кетті. Қала әкімдігі «Мың бояулы қала» атты байқау жариялап, шаһардың тыныс-тіршілігі
туралы жазған тілшілер мен блогерлердің еңбектерін саралаған болатын. Байқау
жеті номинация бойынша өтті.
«Үздік телевизиялық сюжет» номинациясын біздің
арнаның алматылық тілшісі Әділ Өнербаев жеңіп алды. Оның «Избранное за неделю»
бағдарламасына Алматының апортын жаңғырту туралы дайындаған материалы жоғары
бағаланды. Әріптесімізді қала әкімі Бауыржан Байбек марапаттады.