Оралда сәулет басқармасындағы жемқорлыққа қатысты сот үкімі шықты. Ведомствоны басқарған 33 жастағы Мұратбек Тәшенбаев пара алу және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәл осы іс бойынша ведомствоның бас маманы 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатау сотталды. Осыған ұқсас қылмыстары үшін ол 3 жыл 6 айға сотталды.
Бұл істе үшінші айыпталушы да бар, пара алғаны үшін кінәлі деп танылған 41 жастағы Асылжан Купбаев болды. Ол да жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу деректері бойынша, Тәшенбаев пен Ғатаудың әрекетінен мемлекетке 92 млн теңгеге жуық залал келді.
Сотталғандар үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Шағымды қарау күні әлі белгіленген жоқ.