Қызылорда облысында "Құқықтық тәртіп" шарасы барысында автокөлік жүргізушісіне жеті әкімшілік хаттама ресімделді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы полиция департаментінде мобильдік топтар құрылып, күшейтілген түрде жұмыс атқаруда. Рейд жүргізу барысында 18 наурыз күні сағат 23:30 шамасында Арал ауданында Mercedes-Benz көлік құралы Панфилов көшесінің бойында жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатылды.
Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, ізін жасырмақшы болды. Патрульдік экипаждар құқық бұзушыны дер кезінде ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 607 бабы (Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзуы), 593-бабы 2- бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін), 613 бабы (Полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамауы), 590 бабы 9-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 599 бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өтуі), 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзыу), 230 б. 2 б. (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуы) бойынша жеті әкімшілік хаттама ресімделді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.