$503.42 €542.08 ₽6
×

ШҚО-да екі күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

AstanaTV
20.03.2025ж. 18:11
97
ШҚО-да екі күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

ШҚО-да екі күн ішінде 1100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан полицейлері 1100-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 150-ге жуығы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішумен байланысты. Сонымен қатар жеті жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды. Олардың бірі – қала тұрғыны полицияға күйеуінің масаң күйде рөлге отырғанын хабарлаған жағдай.