$503.15 €543.3 ₽5.93
×

"Нұрлан Нығматулиннің ағасы тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған",- Антикор

20.03.2025ж. 20:00
105
"Нұрлан Нығматулиннің ағасы тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған",- Антикор

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді. Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған еді. Ол Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

ДАРХАН ҚҰРАҚБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Іздеу  шаралары барлық елді қамтиды.