$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Көкшетауда 19 жастағы бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан

20.03.2025ж. 20:00
154
Көкшетауда 19 жастағы бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан

«Моншада қыздарды сатқан». Көкшетауда  19 жастағы бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан. Ол ақылы түрде жыныстық қызмет көрсететін қыздарды клиенттерге ұсынып отырған көрінеді. Күдікті қаладағы моншалардың бірінде әкімші болып жұмыс істеген. Оның кінәсі тінту кезінде алынған айғақтар, жасырын тергеу материалдары және бейнебақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденді. Сот үкімімен оған 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза тағайындауда, сот бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, сотталушының жас болуын, ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасағанын ескерген.