$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жыл басталғалы үш айда адам саудасына қатысты 40 қылмыс анықталды

Жыл басталғалы үш айда адам саудасына қатысты 40 қылмыс анықталды

Елімізде адам саудасы азаймай тұр. Былтыр 200-ге жуық қылмыс тіркелген. Құлдыққа түскендердің көбі - әйелдер. Тірі тауарға айналатын қыз-келіншектер қорқыту мен бопсалаудың кесірінен тәнін сатуға мәжбүр болады. Интернет арқылы тәуір жұмыс таптық дегендер көбіне жеңгетайлардың қолына түседі. Шымкент қаласындағы "Сана сезім" орталығына былтыр 198 адам құлдыққа түскені туралы айтып шағымданған. Орталық мамандарының айтуынша, ғаламтор арқылы жұмысқа шақырылғандардың дені алаяқтарға тап болады. Олар мәжбүрлі түрде телефон алаяғына айналады.

ШАХНОЗА ХАСАНОВА, "САНА СЕЗІМ" ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Олар қол қойған келісімшарттар ресми түрде заңды, айлығы көрсетілген, ал талаптарды бұзған жағдайда айыппұл төлеу міндеттеледі. Бірақ мұндай ақшаны төлейтін мүмкіндігі болмағандықтан, адамдар заңсыз істерге баруға мәжбүр болады.


Адам саудасына қатысты жыл басынан бері 40 заңсыздық анықталған. Қылмыстар "Стоп трафик" шарасы кезінде тіркелді.

ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жөзекшелікпен айналысуға арналған үй-жайлар ұсыну бойынша 156 және қоғамдық орындарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.