Қасиетті Рамазан айында ақтөбелік тұрғындар сегіз жастағы Аян Сағидолланың еміне қаражат жинап жатыр. Қатерлі ауру Аянның төрт жасында анықталған. Төрт жыл бұрын операция жасалып, жағдайы жақсарған көрінеді. Алайда, Аянның миындағы ісік тағы өсе бастапты. Дәрігерлер оған дереу тағы ота жасату керек дейді. Қазір оның Германия еліндегі еміне 19 миллион теңге қаражат керек.
Сегіз жастағы Аян есін білгелі ауруханадан шықпайды. Сырқаты төрт жасында белгі бере бастаған. Оған мидағы қатерлі ісік диагнозы қойылды. Содан бері кішкентай Аянның өмірі күрт өзгерді. Әуелі оған Астана қаласында операция жасалған. Бірақ, дәрігерлер ісіктің 10 пайызын ғана алып тастаған.
АРДАҚ ТАЙМҰХАНОВА, АЯННЫҢ АНАСЫ:
Германиядан консультация алдым. Германия келіңіз польный удаление жасап береміз деді. Бірақ операция құны ол кезде 25 миллион деді. Сосын мен халықтан тағы көмек сұрадым. Халықтың арқасында екінші операциясы Германияда өтті. Ол жақта сәтті аяқталды.
Екінші отадан кейін Аян жақсы болып, оңалту шараларынан өтіп жүрген. Алайда, төрт жылдан кейін сырқат қайта сыр беріпті. Соңғы тексеруде мидағы ісіктің тағы өсіп жатқандығы анықталып отыр.
АРДАҚ ТАЙМҰХАНОВА, АЯННЫҢ АНАСЫ:
Қайтадан Германиядан конусльтация алдым. Ол жақ қайтадан операция жасау керек деді. Бұл уже үшінші операциясы. Ол жақтың бізге айтқан қаражаты 19 миллион. Дәл қазір 3,5 миллион жиналып тұр.
Аян үшін оның ата-анасы ауданнан қалаға көшіп келген. Қазір көпбалалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Сырқатына қарамастан Аян мектепте жақсы оқиды. Талапты балғын бұл дертті женетіне сенімді.
АЯНҒА КӨМЕК КЕРЕК:
КАСПИЙ БАНК: 4400 4302 2747 7996
+7 705 381 2745 Ардак Т
ХАЛЫҚ БАНК: 4405 6397 8329 2301
+7 705 381 27 45 Ardak T