$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Стамбұл мэры ұсталып, халық наразылық акциясына шықты

20.03.2025ж. 20:00
152
Стамбұл мэры ұсталып, халық наразылық акциясына шықты

Ыстанбұл мэры Экрем Имамоғлұ қамауға алынды. Билік оны ақша жымқырды деп айыптаса, халық Президент Эрдоғанның саяси қарсыласы болғаны үшін ұсталды деп наразылық акциясына шықты. Украина мен Ресей әскери тұтқындар алмасты. Әрқайсысы  175 адамнан қайтарып, олар туған-туысқандарымен қауышты. Ал Израиль Газа секторына әуе шабуылын жасағаннан кейін, құрлық әскерін де кіргізді. Мемлекет басшысы жаңа соғыстың басталғанын хабарлады. Бірақ, бұл жолы Израиль халқы қарсы. Олар, Беньямин Нитаньяхудың үйіне басып кірмек болды. Әлемдегі соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Тендер жүргізудЕ алаяқтық жасаған. Одан қалмай лаңкестік ұйымдармен байланысы болған. Түркияның ең ірі қаласы, мәдени астанасы – Ыстанбұл мэры – Экрем Имамоғлы қамауға алынды. Көпшілік оны Президент Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы болғандықтан қуғынға ұшырап жатыр деп наразылығын білдіруде. Ыстанбұл халқы да жаппай көшеге шығып, полиция бөлімшесі мен университет қабырғаларында ереуілін бастап кетті. Тіпті, полициямен қақтығысқа түскен. Айта кетейік, Имамоғлы 2028 жылғы Президент сайлауына басты үміткер ретінде жақын уақытта танылуы тиіс еді. Ол қамауға алынар алдында әлеуметтік желіде жазба жолдап үлгерді.

ЭКРЕМ ИМАМОҒЛЫ:
 

Мен ешкімнен де қорықпаймын. Өз өмірімді Ыстанбұлдың 16 млн тұрғыны ғана емес, Түркияның 86 млн халқына сеніп тапсырамын. Одан бөлек, бүкіл әлемдегі әділеттілік пен демократияны қолдайтын жандардан да үміт үзбеймін. Мен азаматтардың құқығы мен бостандығы үшін соңына дейін күресемін.


Тұтқындар туыстармен қауышты. Бірнеше ай, тіпті жылдап қамауда отырған әскерилер отанына оралды. Украина да, Ресей де алдын ала 175 адам алмасамыз деп келіскен. Алайда, соғысты тоқтату туралы соңғы әңгімелер аясында Владимир Зеленский екі ел де өздерінде бар тұтқындардың барлығын алмастыру туралы ұсыныс жасаймын деп мәлімдеді.

ИГОРЬ ЧАБАНЕНКО, УКРАИНАЛЫҚ САРБАЗ:

Өз туған жеріме, Отаныма қайтқаныма қуаныштымын. Барлық біздің жауынгерлер алдағы уақытта босатылып, елге қайтады деген үміттемін. Қазір бірінші кезекте мен үйге барып, жұбайым мен кішкентай қызымды көргім келеді. Өкінішке қарай, басқа ешкімім жоқ.


Израиль әскері Газа секторына қайта басып кірді. Олар аумақтың Оңтүстігі мен Солтүстігін байланыстыратын дәлізді бақылауға алды. Осыған орай, бейбіт тұрғындар тағы да үдере көшуге мәжбүр. Премьер-министр Беньямин Нитаньяху Хамас барлық тұтқындарды қайтармайынша жалғастыра береміз, деп мәлімдеді. Дәл осы арада, Иерусалимде наразы топ, оның өзінің үйін торуылдап, қоршауға алды. Олар, мемлекет басшысынан соғысты дереу тоқтатсын деп талап қойды. Олардың пікірінше, соғыс жанданса, Хамастың қолындағы тұтқындарға қауіп төнеді. Израиль билігі ресми таратқан мәліметке сәйкес, әлі 60 азаматы Газа секторында тұтқында жатыр.

АНАТ ШОВАЛ, ИЕРУСАЛИМ ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі биліктегі министрлер кабинеті, Нетаньяху бастаған партия нағыз опасыздар. Соғыстың басталғанына да солар кінәлі. Қазір де, олар билікті қолдан жібермеу үшін қантөгісті жалғастырғысы келіп отыр. Біздің израильдік тұтқындардың тағдыры оны мүлдем қызықтырмайды.


Газа секторындағы тұтқындардың тағдырынан бөлек, наразы топ өзге саяси талаптар да қойып жатыр. Олар Биньямин Нетаньяху әкімшілігі ақша жымқырды деп айыптап, оның отставкаға кетуін талап етуде.