$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды

20.03.2025ж. 20:00
234
Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды

Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды. Депутаттар ілеспе құжаттарды екі оқылымда талқылады.  Жаңа редакциялауды ұсынды. Құжат аясында су объектілерін ұтымды пайдалану, стратегиялық жоспарлауды енгізу, гидротехникалық құрылыстарды басқаруға басымдық берілген. Сондай-ақ су ресурстарының мониторингі мен басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесін құру көзделіп отыр.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жаңа Су кодексі 6 бөлімнен, 15 тараудан және 134 баптан тұрады. Кодекстің негізгі жаңалықтары су ресурстарын кешенді басқаруды дамыту қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау болып табылады.