Базардағы баға ырыққа көнбей барады. Халқы азық-түлік құны апта сайын қымбаттап жатқанын айтады. Мәселен өткен аптада еттің келісі 2800 теңгеден сатылса, дәл бүгін 3 мыңнан асып кеткен. Қызанақ, қияр, картоп бағасы да шарықтап тұр. Наурыз мейрамы қарсаңында тамақ тағы қымбаттады дейді, тұрғындар. Өңірдегі тілшілер тарқатып айтады.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Азық –түлік бағасы апта сайын өзгеріп жатыр.Көпшіліктің айтуынша Қостанайда ұн қымбат. Еттің құны да құбылып тұр. Сиыр, қой еті 500 теңгеге дейін өскен.Көкөністің де бағасы көтерілген.
БЛИЦ:
- Фарш 2600 болды.Енді кеше бардым 3 мың болып қалыпты.Бәрі де қымбаттап жатыр.Оған пенсияда отырып қалай өмір сүреміз.
- Сиырдың еті 3 мыңнан асып кетті. Фарш 3200 теңге.Алдында 2800 болған.500 теңге қосылды.
- Қой еті қымбаттап кеткенін байқадым.Талқан жағы да қымбаттаған.Талқан, жент алайық десек.Наурызға керек азық-түліктердің бағалары қатты көтерілгені байқалып тұр.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 4 күн бұрын жәрмеңке ұйымдастырылды.Қаладағы ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны тұрақты, дейді қалалық билік өкілдері.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Қостанайдағы 53 супермаркетте 15 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады.Оның бағасын қалалық бөлім бақылауда ұстап отыр.Бірақ базардағы баға ырыққа көнбей тұр. Біздің өлкедегі жағдай осындай.Ал Тараз жақта тамақ құны қымбаттады ма?Әріптесім Берік Жұмабайұлы жалғастырады.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Жамбылдық жұрт жағасын ұстап отыр. Өйткені күн-көріс қиындап барады дейді. Себебі барлығы қымбат. Әсіресе қазаққа ең керегі ет болса, оның бағасы тіпті шарықтап тұр.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында базарға бара қалсақ қымбаттамаған нәрсе қалмады деп жұрт жылармен күйде жүр. Айлығы төмен, дотациялық өңір үшін баға тұрақтылығын басты назарда болуы тиіс дейді бұқара.
БЛИЦ:
- Өте қымбат жастарға қиын шынын айтқанда. Картошаның өзі айқайлап тұр. Пияз ол. Етті енді оны, тауықтың етін жеумен қазақтар өсіп келе жатыр.
- Қазір мен етке барып келдім, ет өте қымбат. 4300 деген сиырдың еті, сиырға енді өте ол қымбат болады деп айталам. Қамбаттамаған нәрсе қалған жоқ барлық нәрсе қымбат.
- Қымбат, қымбат мүмкін емес. Мейлі мұғалімдер алар 200-300 мың алсын мақұл ал, олар кредиті бар бір нәрсе қылып күн көрер. Техперсоналдар алатындары 100 мың алса алды алмаса ол да жоқ. Олар қалай күн көріп жатыр Я В ШОКЕ.
Тек алушылар ғана емес сатушылардың да салы суға кетіп отыр. Жұрт бағаның өсуін бізден көрсе, жоғарыдағылар жоқшылықты қолдан жасап отыр деп күйінеді. Себебі, сиыр мен қой еті тонналап шакара асып сатылып жатыр екен. Соның салдарынан өңірде ет тапшылығы байқалатын көрінеді.
БЛИЦ (СТАУШЫЛАР):
- Қазаққа бізге ет керек ең басты тағамымыз ет пен нан біздің. Соған тапшылық болғанан кейін соның бағасы көтерілгеннен кейін елдің қалтасы көтермейді. 700-800 теңгеге қымбаттады. Ет тапшылық болып жатыр биыл сиыр еті мен қой еті.
- Қаншама күн біз етсіз жүрдік. Себебі біз төмен айттық, Өзбекстан жоғары айтты. Сонықтан сол жаққа кетіп жатты. Дәл қазір солардың бағасымен алғандықтан бізде қымбат алып қымбат сатып жатырмыз.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Бағаның қымбатшылығына қарамастан мереке қарсаңында базар ішінде жұрттың қарасы қалың. Ел тоқшылықтан емес, амалдың жоқтығынан сауда жасап жүргендей. Себебі қонақжай қазақ, қазан қайнатпасақ үйде береке болмайтынын айтады.