$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Қызылордалық жігіттер аударыспақтан бақ сынады

Қызылордалық жігіттер аударыспақтан бақ сынады

Қызылордада Наурыз мерекесіне орай, халық ұлттық ойындарды ұлықтады. Тұлпарларын баптап, бар күштерін бойына жинап келген жігіттер аударыспақта бақ сынады. Жиналғандар қиқуға басып, қатысушыларды одан әрі шабыттандырды. Тартысты сайыста қазақтың білекті де, жүректі жігіттері суырылып алға шықты.

Делебесі қозған жұртшылық арқан тартып, ләңгі теуіп, тоғысқұмалақ ойнап  ерекше әсер алды. Үлкендер де балалық шақты еске алып, мергендіктерін сынап, асық ойнады. Тұрғындар мәре-сәре.

НҰРБОЛ НАКИПОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Өте қызықты іс-шаралар, жарыстар ұйымдастырылған. Біз аударыспақ түрінен балаларды алып келіп, жасөспірімдерді ойнаттық. Палуандарды да ойнаттық. Ұлыс оң болсын,