Кітап сыйла, анаңды қуант, жақыныңды құттықта, мамандарды мадақта. Мереке қатары мезгіл өткен сайын көбейіп келеді. Әр кезде әртүрлі адам қоғам алдындағы мәртебелі сахнаға шығады. Атаулы күндерде нендей маңыз бар? Мерейлі даталар қатары қалай толықты? Тілшіміз тарқатады.
Әр уақыттың талабы мен ахуалына сай айтулы күндер де өзгеріп, толығып отырады. Кітапты насихаттап, оқуға деген құлшынысты ояту үшін "кітап сыйлау күні" пайда болды. Елімізде 5 жылдан бері 14-ақпан күні аталып өтеді.
САНАТ ІЛИЯС, БЛОГЕР:
Кітап, ол - қай уақытта да актуалды. Кейбір адамдар ойлауы мүмкін "кітап сыйласақ, бұл сәл андай бағаланбай қала ма, арзан сыйлық деп ойлап қала ма..." деген. Бұл - стереотип. Өйткені, кітап - оқыған адамға, түсінген адамға, өте құнды сыйлық.
Шынымен, адамды қуантуға ұсақ-түйек сыйлық жеткілікті. Тіпті бір ауыз жылы сөз де жарайды. Мәселен былтырдан бері тойлана бастаған 12-мамыр аналар күнінде құрсағында 9 ай көтеріп, өмір бойы бағып-қағатын шешеңізді көңілін "жақсы көремін!!!" деген жалғыз сөзбен көкке жеткізесіз.
БЛИЦ:
- Күнде-күнде мереке болса да аналарға ол аз емес. Егер мереке болатын болса, бізді елеп-ескеріп жатса, әрине, қуанамыз ғой.
- Жәннаттың кілті ананың табанының астында дейді. Сыйлық беру керек, құрметтеу керек. Оның несі айып?
Белгілі адамдар ғана емес, соңғы кездері арнайы мамандар да қоғам назарына ерекше ілігіп жүр. Авиация, су, білім салаларымен қатар, орманшылар күні де бар.
БАҚДӘУЛЕТ АМАНГЕЛЬДИНОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Қазанның әр 3-жексенбісі орман шаруашылығының қызметкер күні боп атап өтіледі, иә. Орман шаруашылығында республика бойынша 17 мыңнан астам қызметкер бар. Әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен бірге қосылып ресми түрде осы аталып өтіледі.
Айтулы күнді былай қойғанда, соңғы уақыттары маңызды оқиғаларға жылдар арналып жүр. "Жастар", "Балалар", "Волентерлер" жылына куә болдық. Биыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" боп белгіленді. Осылайша адам да, маман да, маңызды оқиға да әркез ерекше еленіп тұрса игі.