$503.42 €542.08 ₽6
×

"Елімізде тазы мен төбет күнін ауыстыру керек",- депутат

20.03.2025ж. 20:00
162
"Елімізде тазы мен төбет күнін ауыстыру керек",- депутат

Елімізде тазы мен төбет күнін ауыстыру керек. Себебі 3 қыркүйек тарихи әрі мәдени дәстүрге сәйкес келмейді. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында көтерді.  Дәстүр бойынша Қазақстан да аң аулау маусымы қараша айында алғаш қар түскенде – қансонарда басталады. Сондықтан мерекені өзгерту керек деді.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Тазы мен төбет күнін осы кезеңге орайластырып, қарашаның бірінші жексенбісіне белгілеуді қарастырған жөн. Бұл өз кезегінде мерекенің аңшылық әрі саятшылық дәстүрлерімен байланысын күшейтеді.