Астанада кезекті рет "Таза бейсенбі" экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Оған "AMANAT" партиясының өкілдері мен "Жастар рухы" Жастар қанатының еріктілері қатысты. Олар Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішін жуып тазалап, аумағын қар мен қоқыстан тазартты. Осылайша жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақырды.
ТАЛҒАТ ТІЛЕС, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Осы акция тұрақты түрде мамыр айының аяғына дейін жалғасатын болады. Бұл жердегі мақсат біздің өскелен ұрпаққа және де біздің жастарымызға Ұлы жеңістің маңыздылығын үлкен ерліктің, бабалар ерлігін паш ету және насихаттау.
Ал алматылықтар экологиялық акция аясында еріген қардың астында қалған қоқыстарды жинады. Ізгі шараға депутаттар, ауыл тұрғындары, тіпті қарттар да қатысты. Ардагерлер тазалық - иманның жартысы екенін айтып, ораза айында игі іспен айналысуға шақыруда.
ХАМИТ ӘБДЕНОВ, БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тазалық деген нағыз керемет нәрсе. Неге десеңіз мына бізде дінде исламда жазылған. Діннің жартысы тазалықтан тұрады деп. Оның өзі қандай. Тазалық бар жерде денсаулық бар дейді, Тазалық бар жерде береке бар дейді. Алла тағала сондай екі дүниеде де беріп қойған сондай. Биылда міні Алла тағала шүкір денсаулық бар. күш қуат берсін. Осындай нәрселерді өткізе береміз деп ойлаймын.