$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Елордада инклюзивті жандар арасында «Ұлттық спорт» күніне орай турнир өтті

20.03.2025ж. 20:00
352
Елордада инклюзивті жандар арасында «Ұлттық спорт» күніне орай турнир өтті

Елордада инклюзивті жандар арасында «Ұлттық спорт» күніне орай турнир өтті.Келушілер тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және қол күресінен сайысқа түсті. Сондай-ақ мерекелік шара ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Турнир ұлттық спортқа қызығатын түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірді. Әсіресе арқан тарту тартысты өтті. Қатысушылар ойынға үлкен дайындықпен келген. Команда мүшелігінде бүлдіршіндер мен қариялар да бар.  

МҰСТАФА МАХАМБЕТҰЛЫ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Ойын тартысты өтті. Екі команданың арасындағы әрқашанда қызықты өтеді. Бұл ойында командалық ұжым керек, шымырлық керек. Спортшылардың ептілігі, мықты болу керек. Осы ойыннан кейін жалпы алдағы уақытта осы залға келетін спортшылармен өзіміз жиналып жиі-жиі арқан тартысу ойынын ұйымдастырып тұруға тырысамыз.


Ерлер білектің күшін сынаса, қыздар бес асық ойынында біліктілігімен танылды. Ол бұлшық етті дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, топтауға үйрететіндіктен  нәзік жандылар арасында бұл ойын кеңінен дамып келеді.

ТІЛЕУЛЕС ЖҰМАБЕКОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Командаға бөлініп ойнаймыз екі екіден. Жақсы өзімізге ұнайды. 1ден бастап 13-ке дейін барлығы ерекше ойнап жатқанда. Ойлау қабілетіңді арттырады. Мысалға мынаны алып еще мынаны алғанның өзі қандай бізге. Алақанды қоямыз да мынаған жинағанның өзі қандай. Алақанды біз жылжытпаймыз. Осының өзі біздің кәдімгідей қызуғышылығымызды арттырады.


Ал тоғызқұмалақ ойынына қалалық жарыстардың кішкентай жеңімпаздары да қатысты. Ойын қариялардың арасында да танымал. Тоғызқұмалақ есте сақтау қабілетін жақсартып стратегиялық ойлауға үйретеді.

МАХАББАТ ҒАБДУЛЛИНА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Кішкене есептегенде қиындай болады. Ұмытамыз кейде. Бірақ ойнағанда оңай. Тоғызқұмалақ бастағанда кейбіреулер тұздық не екенін білмейді. Соны біз үйретеміз тұздықты қалай алу керек, қалай бастау керек, қалай жеңіске жету керек.


Ұлттық спорт ойындарынан турнир өткізу жыл сайынғы дәстүріміз дейді ұйымдастырушылар. Оған әрдайым 300-ден астам ерекше қажеттілігі бар жан қатысады. Мұнда олар тек шұғылданып қоймай бірге қызықты уақыт өткізеді.