Дубайда 20 жастағы Мария Ковальчук есімді модель ауыр жарақат алған күйінде жол жиегінен табылған. Ол қол-аяғы мен омыртқасы сынған күйінде жатқан. Қазіргі уақытта бойжеткен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
SHOT басылымының мәліметінше, Мария 9 наурыз күні, өзінің туған күнінде, жергілікті шейхтардың кешіне барған.
Келесі күні анасымен сөйлескен, бірақ дауысынан үрей байқалған. Ол белгісіз адамдардың қонақ үйіне баратынын айтқан, содан кейін 8 күн бойы байланысқа шықпаған.
Тек 8 күннен кейін жол жиегінен табылған. Оған төрт ота жасалды, бірақ ол қазір қозғала алмайды, тек еріндерін жыбырлатады.
Туыстары оның сексуалдық құлдыққа түсуі мүмкін екенін айтады. Тергеу барысында мұндай кештерге көбінесе ТМД елдерінен келген жас қыздардың шақырылатыны анықталған.