$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Атырауда жалған доллар сатқан жігіт ұсталды

AstanaTV
20.03.2025ж. 23:31
169
Атырауда жалған доллар сатқан жігіт ұсталды

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.

Полиция мәліметінше, тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды.

Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр. Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.