$503.42 €542.08 ₽6
×

Елордада 200-ден астам ауқымды іс-шара, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр

21.03.2025ж. 12:00
71
Елордада 200-ден астам ауқымды іс-шара, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр

Мерекеге орай Елордада 200-ден астам ауқымды іс-шара, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр. Сонымен қатар ұлттық спорт ұлықталуда. Қазір «Қазақ елі» монументі алаңында әріптесім Сүндет Оралбек жүр. Сүндет, ауа райының қолайсыздығы мейрамды атап өтуге кедергі келтіріп жатқан жоқ па?

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Рақмет, Қасымхан. Бізде қазір жаңбыр жауып, біресе күн шығып, қар жауып, құбылып тұр. Бірақ ауарайының салқындығы мерекені атап өтуге кедергі келтіріп жатқан жоқ. Байқағандарыңыздай адамдар енді жиналып жатыр. Ұлттық киім-киген астаналықтар мерекенің көркін келтіріп, ажарын аша түсуде. Қонақтар алтыбақан теуіп, асық ойнап жатыр. Менде тікелей эфирде бағымды сынап көрейін. шыны керек, соңғы рет асықты 6 жыл бұрын ұстағанмын.


Қазір мына алаңда  8 киіз үй тігілген. Әр шаңырақтың өз атауы мен мағынасы бар. Басым бөлігінде Қолөнер көрмелері өтуде. Онда зергерлік бұйымдар, керамика, тоқыма бұйымдар мен музыкалық аспаптар саудалануда. Қазір менің қасымда дәстүрімізді дәріптеп жүрген ханым тұр.  Мереке қалай өтіп жатыр?

ШҰҒЫЛА ҚҰДАЙБЕРГЕН, САРАЙШЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауарайының қолайсыздығына қарамастан халықтың көңіл-күйі өте жоғары. Қазірдің өзінде  500-ге жуық халық жиналған. Әншілер ән айтуда. Сонымен қоса 1-де эстрада әншілерінің концертімен жалғасатын болады. Өздеріңіз көргендей этно стильде безендірілген, өзіндік ерекшелігіміз, 7 қазына инстоляциясы. Ол жерде жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы барлығы көрсетілген.


СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Сондай-ақ Этно-ауылдар бой көтерді. Онда тұсаукесер, бесік той секілді дәстүрлер дәріптелуде. Ал сахна төрінде өнер жұлдыздары өз тартуын арнауда. Ертең дәл осы алаңда балуандар белдеседі. Білек күшіне сенгендер гір тасын көтеріп жарысады. Сондай-ақ қала қонақтары мен тұрғындары  асық ату, алтыбақан, арқан тартыс,  қол күрес секілді ойындардан сайысуға мүмкіндік алады.  Мендегі ақпарат осы. Қасымхан сөз өзіңде!