$498.25 €537.16 ₽5.96
×

Шымкентте Наурыз керуені жолға шықты

Шымкентте Наурыз керуені жолға шықты

Ұлыстың ұлы күні Шымкентте де кең көлемде тойлануда. Жұрт бірін-бірі құттықтап, мәр-сәре. Қала көшелері айрықша сән-салтанатқа кенелген.

Қыдыр атаның ақ батасынан кейін Наурыз керуен жолға шықты.  Абай саябағынан шыққан топ Қажымұқан стадионына қарай бет алды. Аттылы жаяу өнерпаздар әндетіп, мерекенің сәнін келтіріп келеді.

Керуен жолшыбай бірнеше жерге аялдады. Әуелі «Достық үйінің алдына тоқтаған топ күмбілете күй шертіп, ән салып, би биледі. Керуен жолай халық әндерін де нақышына келтіре орындап келеді. Айта кетейік, Шымкентте бүгін наурыз тойы күні бойы тойланады, Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталып, спорттық ойындар ойналады. Ынтымақ күніндегі шара кеше экстрада жұлдыздарының қатысуымен концертттік бағдарламамен түйінделеді.