Амал мерекесінен бастау алған Ұлыстың үлы күнін Қостанай жұртшылығы да ерекше атап өтіп жатыр. Осы күнге дейін облыс көлемінде 500-ге жуық мәдени шара ұйымдастырылды. Наурыз нақыштары шаһардан - шалғайдағы ауылға дейін көрініс тапты. Өңірдегі тілшіміз Заңғар Санай қазір тікелей эфирге қосылады. Заңғар, сіз эфирдесіз.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Қасымхан, рахмет, мереке құтты болсын! Наурызнама он күндігі аясында өңірде 30 іс-шара жоспарланған. Наурыз мейрамын балабақшадан бастап, мемлекеттік мекемеге дейін сән-салтанатымен атап өтуде.
Мінекей, Әз-Наурызды қаладағы ең ірі кәсіпорынның бірі «Қостанай су» мекемесі тойлатып жатыр. Жұмысшылар бір-біріне жылы лебізін айтып, мәз-мейрам болысты.Ән шырқап, би билеп, түрлі спорт жарыстарына қатысты. Кәсіпорында алты жүзге тарта адам жұмыс істейді. Соның екі жүзден астамы бастауыш партия ұйым мүшесі.
ӘНУАР ЕСҚАТОВ, ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Наурыз мейрамы, жаңару, жаңа жыл. Өте жақсы әсер етеді.Адамдар, жұмыскерлер көңілді ұйым болып, ұжым болып, әрқашанда наурыз мерекесі жақсы қарқында тойлап өтеді.
ТОТЫ ӘБДІБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Осы біздің керемет көктемнің наурыз мерекесінде жаңағы бірігіп, өзге ұлт өкілдері осындай ынтымақты, еліміздің бірлігін, тыныштығын көрсетіп жатыр.
Науан-Наурыз мейрамын полиция департаменті де айрықша атап өтті. Ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, басқармалар бірнеше топқа бөлініп сайысқа түсті.Түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрі дәріптеліп, бірлік пен татулық насихатталды.
ЕРНҰР АЛТЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Біз Қостанай полиция басқармасы өзбек ұлтының салт-дәстүрін, өмірін, бүкіл әшекейлерін, қалай өзбек ұлты өмір сүріп жатқанын көрсеттік. Ұлттық тағамдарын көрсеттік. Өте жақсы керемет күн өтті.
Бұл күні ынтымағы жарасқан көпқабатты үй тұрғындары аула безендіріп, қазан көтеріп мәре-сәре болып жатыр.
ЕРКІН ҚҰДАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біздің аула Қостанайдың қақ ортасында орналасқан. Қаншама халық тұрады. 200 отбасы тұрады. Онда қазағы бар, орысы бар, өзге ұлттар да бар - жылда Наурызды тойлаймыз.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Ал шаһар орталығында 26 киіз үй тігілді. Ертеңгі мерекелік бағдарламаға қызу дайындық жүріп жатыр.Орталық алаңда концерт, түрлі спорттық сайыстар, өзге де өзгеше іс-шаралар өтеді. Қостанайдағы Наурыз көріністері осындай.Студия.