Астанада әр аудан, аулаларда ұлттық бұйымдар көрмесі, түрлі жәрменкелер ұйымдастырылуда. Әріптесім мерекелік шаралардың бірінен тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Айдана, сөз сізде.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Рақмет, Қасымхан. Қалалық әкімдік ғимараты алдында киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылған. Мерекелік шараны тамашалауға келгендер көп. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұрттың көңіл-күйі керемет. Атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Сондай-ақ мұнда 5 қазан палау әзірленіп жатыр. Жастар жағы алтыбақан теуіп мәре-сәре. Ұлтық киімді жаңаша түрлендірген әжелер де жастардан қалысар емес.
БЛИЦ:
- Енді бұл мерекені ұзақтан бері күтіп жүрміз. Бұл енді көктем мерекесі күн мен түн теңеліп барлық жер бетінің жанарып мереке басталып жатыр. Құтты болсын, қазақ еліне.
- Ауа райының қолайсыздығына қарамастан адамдардың көңіл күйі өте жоғары. Келіп жатыр осында наурыз көжеден дәм татып.
Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылған. Әсіресе қазақша күрес тартысты өтіп жатыр. Сондай-ақ ұлттық тағамдар да көпшілікке ұсынылуда.
ЖАНСАЯ ӨМІРБЕК, АСПАЗ:
Бізде негізі ұлттық тағамдар. Сүт өнімдері, сүт өнімдерінің ішінде наурыз көже. Өзіміздің ешкі сүті мен сиыр сүтінің қоспасында. Сорпа, құрт свежий.мына жерде балқаймақтар түйе сүтінен жасалған. Біздің енді сүт өнімдері, ұлттық тағамдарымыздың ерекшелігі адам ағзасына пайдалы. Отанымыз тыныш болсын, ұлыс оң болсын. Көптеп сіздерді ұлттық тағамдарды тұтынуға шақырамын.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Сондай-ақ мұнда эстрада жұлдыздарының қатысумен концерт өтіп жатыр. Ұлттық тағамның түр түрі әзірленген. Мен де наурыз көжеден дәм татып, күмбірлеген күй тыңдайын. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Қасымхан, біздегі ақпарат осы.