$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Наурызды Оралдағы өзге ұлт өкілдері де тойлап жатыр

AstanaTV
21.03.2025ж. 20:00
154
Наурызды Оралдағы өзге ұлт өкілдері де тойлап жатыр

Наурыз мерекесін Ақжайық атырабындағы өзге ұлт өкілдері сән-салтанатымен тойлап жатыр. Солардың бірі - Самарцевтер отбасы.

Лариса мен Андрей Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген.Бала кезінен ауылда өскен ерлі-зайыпты қазақшаға судай. Келін боп түскеніне 35 жылдан асқан Лариса ұлтымыздың салт-дәстүріне жетік. Мейрам-мерекені ескерусіз қалдырған емес. Ауылда тұрғанда көршілеріміздің қуанышына құлшына кірісіп, қонақтығын бірге атқардық, бір атаның балаларындай тату-тәтті тұрдық дейді. Өздері жұмыс бабымен жуырда облыс орталығына қоныс аударған. Бірақ қаладағы тірлік қарбалас, ауылдағыдай кеңқолтық қарым-қатынас жоқ дейді.

ЛАРИСА САМАРЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Құдалық ұнайды маған, бесік той ұнайды. Соған бәріне қатысамыз ғой. Біздің құрдастарымыз бар ауылда, көршілер бәрі жылаған мен кеткенде... Мұнда тек үш жыл болады тұрғаныма. Әрине ауылда маған жақсы болды. Ауыл деген басқаша. Бір-бірімізді танимыз. Анда барамыз, мұнда басқаша екен. Кісілері де басқаша. Анда көрші мен көрші әйда, тек опырлап-топырлап жүре береміз.


АНДРЕЙ САМАРЦЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Наурыз мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Біздің Қазақстанда деген тек қана қазақ пен орыс емес, көп ұлттар бар ғой. Солардың бәрі де осылай күшті өмір сүрсін, тату-тәтті болсын!


Ақжайық атырабында бүгінде сексеннен астам өзге ұлт өкілі тұрады. Олар Наурызды көрісу күнінен бастап мерекелейді. Бүгінгі 21 наурыз - ынтымақ күні де өзара бірлігімізді нығайтып, достықтың дәнекері, татулықтың тұтқасына айналғай дейді.

ҰЛБАЗАР НҰРМАХАНОВА, "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ" КММ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ АҒА КЕҢЕСШІСІ:

Мен Андрей мен Ларисадан сұраймын: Басқа ұлттар қазақ тілін үйрену үшін не керек деп. Олардың айтатын бір сөзі бар: оған көп ештеме керек емес. Біріншіден қазақтарды жақсы көру керек қазақ халқын. Содан кейін орта керек дейді. Достар керек. Қазақтың әнін, күйін тыңдау керек дейді, басқа ештеме де керек емес дейді. Тіпті олар қазақ қыздарын жақсы көргені сондай, егер баламыз келін әкелсе, біздер қуанамыз деген ниеттері бар, қазақ  келін түскенін.