$516.01 €582.47 ₽6.26
×

AMANAT партиясы ұлттық мерекені ұлықтады

AstanaTV
21.03.2025ж. 17:00
115
AMANAT партиясы ұлттық мерекені ұлықтады

AMANAT партиясы да ұлттық мейрамды ұлықтауға ат салысуда.  Партиялықтар бұған дейін наурызнаманың онкүндігін белсене атап өткен еді. Бұл жолы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары алдымен асық атып, садақ тартып мергендік сынасты. Бұдан кейін білекті жігіттер арқан тартып, мықтылар анықталды. Тоғызқұмалақ пен қол күресін де елеусіз қалдырмаған партиялықтар ұлттық спортты қайта жаңғыртты.

КЕНЖАЛЫ ТӨРЕМҰРАТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Кезінде осы Наурыз мерекесі Кеңес дәуірінде жабылып қалған болатын. Бірақ осы мерекеміз қазақ жеріне қайта оралып, мінеки, барлық салт-дәстүрлеріміз жаңғыруда. Осы орайда партиясы Наурызнаманың онкүндігі ішінде көптеген шараларды ұйымдастыруда.