«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Тараздағы ең ірі сауда орталығында «Наурыз – берекем!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Қала тұрғындары бұл кештен күй, ән тыңдап, жиналғандар жаппай қара жорға биін биледі.Жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өткен шараның соңы ұлттық спорт сайыстарға ұласты. Жиналғандар асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, гір тасын көтеруден өз ара сынға түсті. Сондай-ақ, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша тұрғындар білімін шыңдау мақсатында викториналық сұрақтар қойылады. Партиялықтар осы шара арқылы шаңырақ, ұлттық киім мен ұлттық спорттымызды дәріптеуге тырысты. Шара соңында сайыс жеңімпаздарына партия тарапынан естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.
ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Тойлап отырған наурыз мерекесі, еліміздің бірлігін нығайтуға, ынтымақтастығын, бір-біріне кіші пейіл, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді сыйлауға өз үлесін тигізеді деген сенімдеміз. Баршы еліміздің жұртшылығын ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтағымыз келеді. Әр отбасы, әр шаңыраққа құт береке, ырзық, несібесін әкеле берсін. Ақ мол болсын!