$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Мемлекет басшысына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

AstanaTV
21.03.2025ж. 20:00
389
Мемлекет басшысына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Президенттің атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келуде. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен Дональд Трамп құттықтады. АҚШ Президенті алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салалардағы жетістіктерге бірлесе жететініне сенім білдірді. Сондай-ақ Ресей басшысы Владимир Путин де жеделхат жолдап, қазақстандықтарға бақыт пен өркендеу тіледі. Шығыстағы көршіміз де Наурыз майрамын елеусіз қалдырмады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин екі жақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін және Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы берік достықты мақтан тұтатынын айтты. Ізгі тілектерін Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Иран, Палестина Президенттері де жолдады.