$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Наурыз мейрамы бас қаланың 30-дан астам жерінде тойланып жатыр

21.03.2025ж. 20:00
465
Наурыз мейрамы бас қаланың 30-дан астам жерінде тойланып жатыр

Наурыз мейрамы бас қаланың 30-ға жуық жерінде тойлануда. Яғни, әрбір аудан мен аулада киіз үйлер тігіліп, концерттер, көрмелер мен фестивальдер ұйымдастырылған. Ұлыстың ұлы күнінде ерекше шаралар көп болды.

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Бүгін көңіл күй керемет. Мерекелік атмосфера ерекше сезілуде. Мұнда келушілердің де қатары өте көп. Атшаптырым аймақтын бәріңе киіз үй тігіліпті. Әжелер мұрасы дейді. Осында кіріп көрейік.  


Ал мереке құтты болсын! 

Ооо наурыз құтты болсын! Қош келдің төрлет айналайын.

Ақ отаудың сәнін келтіріп отырған әжелеріміз бүгін міне наурыз мерекесіне неше түрлі керемет дәмді дақылды қосып наурыз көже пісіріп келіпті. Сіздерде наурыз көжеміздің ауыз тиіңіздер.  

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жеті түрлі дәмді дақылды қосылған наурыз көжені көрген кезде дәмін татқым ақ кеп тұр. Бірақ ораза айы өздеріңіз білесіздер ауыз берік. Бірақ ауызашардың уақытысына алып қаламын деп отырмын осы көжені.    


Есесіне, әжелер көңілді әнмен тойдырды. Бірге шырқап, арқа-жарқа болдық.

Керегенін бер жағында да, ар жағында да той - думан. Алтыбақан тепкен қыздар, қол күрескен жігіттер, мәре-сәре болған жастар, таң-тамаша болған қонақтар.  

БЛИЦ:

- Керемет, Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын! Өзбекстанның қазағымын. Мұнда мен наурызын тамашалайық деп Қазақстанның. Керемет бәрі көңіл күй тамаша.   
- Көңіл күйіміз жақсы. Семей қаласынан наурыз көрейік деп Астана қаласына келгенбіз. Бүгін ауа-райы жақсы, ертеңде жақсы болады деп ойлаймын.


Мерекелік шара ертеңде өз жалғасады.