Жамбылда салт-дәстүр салтанат құрып, көне ырым-жоралғылар көпшілікпен қауышты. Орталық алаңға жиылған жастар өрініс қойып, көпшілік көңілін серпілтті. Ал Ақтөбеде әжелер мен немерелер сайысты. Өңірлердегі мерекелік көңіл күйді әріптестерім жеткізеді.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Облыс орталығында ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтілуде. Жыл сайын Таразда Наурыз мейрамы түрленіп келеді. Достық алаңына жиналған тұрғындардыңда қарасы қалың. Жиналған көпшіліктің назарына Төлеби даңғылының бойына киіз үйлер қалашығы тігілген. Онда түрлі тақырыпта қыз жасауы, қол өнер шеберлері, салт-дәстүріміз дәріптеліп, түрлі ою-өрнекпен көмкерілген көріністерді де көруге болады.
Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, театрландырылған көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Қаз-қатар тігілген киіз үйлерге, мейрамды тойлауға келген қауымның қарасы қалың. Бір-бірін мерекемен құттықтап, естелікке суретке түсіп мәре сәре.
БЛИЦ:
- Қазақ үйлер әппақ жарқырап тұрса, ал халықтың да көңіл күйі сондай әппақ, сонда таза кіршіксіз деп айтамын. Өйткені барлығы ұлттық киімізді киіп, қандай әдемі көріністер.
- Мына ауарайы да тамаша, керемет болып тұр. Отбасы әйел, бала-шағамызбен келіп аралап жүрміз. Жақсы, әдемі, әсерлі кештің әсерлі сәттің куәсі олып жатырмыз.
- Баршаңызды келген наурыз мерекесі құтты болсын. Берері кп берекелі, мерейі көп мерекелі жыл болсын. Денімізге саулық, отбасымызға аман болсын аумин!
Қайрат Рысқұлбеков саябағында спорттық жарыстар өтіп жатыр. Қол күрес, асық ату, арқан тартудан тұрғындар өз ара сынға түсуде.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Ал ұлттық спорт түрлері ұлықталып, түрлі сайыстар өтуде. Мәселен мына жерде қазақ күресінен 90 келіден жоғары түйе палуандар өз ара белдесіп жатыр. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықта қарастырылған.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Міне біз зергерлер үйінде тұрмыз. Бұл кигіз үйге Жамбыл облыстық тарихи өлке тану мұражайының ең құнды жәдігерлері қойылған. Мәселенки мына құдағи жүзігінің ерекшелігін айта кетсеңіз.
ҰЛЖАН ОМАРОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ ӨЛКЕ ТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ МАМАНЫ:
Бұл жүзіктің ерекшелігі екі құдағидың арасында татулық, бірлік болсын деген мақсатта сұқ саусақ пен ортаңғы саусаққа бірге тақылады екен. 20 ғасырдың басының өзінде қазақ халқында зергерлік бұйымның яғни қол өнер шеберлерінің дамығандығының бірден ір көрінесі деп айтуға болады.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Биылғы әз наурыз мейрамының ерекшелігі Тараз тұрғындарының көбі еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұлттық нақыштағы киімдерді кие келіпті. Алаңға жинаған жұртшылықтың көңілі шат-шадыман. Бұл көңілді кеш бүгінмен бітпейді. Ертең орталық стадионда жалғасатын болады. Ал наурыз мейрамы Ақтөбеде қалай төйланып жатыр. Әріптесім Бақыт Рахметова айтып берсін.
БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Иә, Берік. Ақтөбеде де Ұлыстың ұлы күні ауқымды деңгейде тойланып жатыр. Осыған дейін наурызнаманың он күндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, көшеге қаз қатар киіз үйлер тігіліп, ыстық бауырсақ пен наурыз көже дайындалды. Қала тұрғындары үшін әрбір қаланың бөлігінде арнайы мерекелік концерттер ұйымдастырылды.
Бүгін Сазды мәдениет үйінде ерекше сайыс болып жатыр. Әжелер мен немерелер сайысы. Байқауда жеті әже бақ сынамақ.
ҚАРАКӨЗ САҒЫНОВА, САЗДЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Біздің болашақ ұрпаққа бала-шағаға үлгі боларлықтай жастарымызға үлгі боларлықтай кезеңдерден тапсырмалар беріледі. Соны әжелер осы сайыста орындайды. Яғни мақсатымыз тәрбие. Жалпы ұлт тәрбиесін бұрынғы ата-бабамыз салып кеткен салт-дәстүрді әрі қарай жалғастырып келешекке жеткізу.
Байқау шарты бойынша әжелер өздерін әуелі таныстырып, салт-дәстүрден қойылым қойып, өз өнерін көрсетіп, немересімен бірге қолөнер бұйымын жасауы тиіс.
БАЗАР ИМАНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
Бүгінгі сайысқа немерем Қыдыр Саягүлмен бірге ұлттық дәстүрді насихаттауға өскелең ұрпаққа өзіміздің бар білгенімізді үйретуге атсалысуға келіп тұрмын. Яғни немереммен бірге өз өнерімізді көрсетеміз. Содан кейін қолөнер бұйымы, ұлттық нақыштарғы қолөнер бұйымдарынан көрсеткіміз келіп тұр.
БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Мерекелік шаралар әлі жалғасады. Ертең қала тұрғындары арасында “ Ең тартымды ұлттық нақышта безендірілген аула”, “ Ең әдемі безендірілген көше “ атты халықтық байқау болады.