$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Наурыз мейрамында 21 мыңнан астам полиция қызметкері кезекшілікте жүр

AstanaTV
22.03.2025ж. 13:53
Наурыз мейрамында 21 мыңнан астам полиция қызметкері кезекшілікте жүр
Фото: ҚР ІІМ

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау кезінде 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінде жаппай серуендер мен мерекелік концерттер өтетіндіктен, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында патрульдік қызмет күшейтілді. Сонымен қатар қала көшелері мен алаңдарда тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың мейрамды алаңсыз атап өтуіне жағдай жасап жатыр», — делінген хабарламада.