Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазкоммерцбанктің» қордаланған проблемасын Қаржы министрлігі шешеді

AstanaTV
19.06.2017ж. 20:00
2334
«Қазкоммерцбанктің» қордаланған проблемасын Қаржы министрлігі шешеді

«Қазкоммерцбанктің» қордаланған проблемасын Қаржы министрлігі шешетін болды. Елдің бас қаржыгері Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Ұлттық банкке қарап келген "Проблемалы кредиттер қоры" ақпан айынан бастап Қаржы министрлігінің құзырына өткен. Қайтпаған қарыздар мәселесін шешу үшін қомақты қаржы қаралған. Оның басым бөлігі "Қазкомды" құтқаруға бағытталмақ. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Қаржы жүйесін кері тартқан банктерді былықтан аршып алу үшін, қазынадан 2 трлн 93 млн теңге бөлінген. Оған құрдымға кеткен банктердің активтері сатып алынады. Қайта сату, инвестор тарту және жекешелендіру ісімен Қаржы министрлігі айналысады. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Проблемалық банктерден бұл активтер сатып алынатын болады. Қазір келісімдер жүріп жатыр. Алдымен ең ірі проблемалық актив "Казкоммерцбанкте". Жалпы бюджеттен 2 трл 93 млн бөлінді.

Ал бас банкир коммерциялық банктерді сауықтыру бағдарламасы жыл соңына дейін аяқталады деп отыр. Тек ол үшін шынайы жағдайды анықтап алу қажет. Банктер жасырмай проблемасын айтып берсе, Ұлтық банк ақша құюға да әзір. Жартысын бас банк, тура сол көлемдегі өзге бөлігін екінші деңгейлі банктің өзі капиталға құюы қажет. Сөйтіп, банктердің рейтингін көтеруді көздейді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

Жыл соңына дейін осы бағдарламаны іске асырамыз. Өз шығынын мойындап, тиісті капитал құйған банктер барлық халықаралық талаптарға сай болады.

Банктерді "өбектеп" кеткен қаржыгерлерді коммунист Косарев сынға алды. Ол нақты секторға назар аударуға шақырды.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Халықтық коммунистер" фракциясының жетекшісі:

Дорогие министры, особенно коммерческого блока! Перестаньте, пожалуйста, холить и лелеять банки и финансовый сектор, как священную корову. Посмотрите, наконец, на реальный сектор!

Сұрақ қойған депутаттардың тең жартысының квазимемлекеттік сектордың жұмысына көңілі толмайды. Банкротқа ұшыраған банктерге депозит салғанын бір айтты. Жарғылық капиталда игерілмей жатқан қаражат туралы екі айтты. Ең аяғы тендерді таза өткізбейді деп айыптады.  Ал Шөкеев мырза депутаттар алдында ақталудан шаршағанға ұқсайды.

Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ басқарма төрағасы:

Мы уже несколько раз объяснили. На рабочих группах разъясняли. Но настойчиво это фраза везде присутствует. Мы готовы еще раз показать документы.

Дегенмен, 2015 жылмен салыстрғанда, былтыр бюджеттік түсімдер 25 пайызға артқан. Ол таза девальвацияның арқасында. Яғни доллармен экспортталатын шикізат есебінен. Ал былтыр бюджетке 98 млрд теңге салық түспеген. Үш жыл бұрынғымен салыстырғанда транферттер 30 пайыздан 40 пайызға ұлғайған. Бұл көптеген сала әлі де бюджетке алақан  жайып отыр деген сөз.   

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ