Алматыда гуманоидты роботтар қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлап жүр. Дәстүрлі тақия мен шапан киген роботтар көшеде еркін серуендеп, балалардың ғана емес, ересектердің де қызығушылығын тудырды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындар гуманоидтармен естелік суретке түсіп, билеп, қол алысып амандасып, оларды видеоға түсіріп жатыр.
Бұдан бөлек, мерекелік алаңда даяшы-роботтар, робот-аспаз және бариста-робот жұмыс істеуде. Олар бауырсақ дайындап, қонақтарға кофе ұсынып, тапсырыстарды жеткізуде. Қала тұрғындары мен туристер олардың қызметін қуана пайдаланып жатыр.