Ақтаулық қазына іздеуші Шопан ата жерасты мешітінің құдығын іздеу магнитімен тексермек болды, алайда оған бұл аумақты зерттеуге тыйым салынғаны туралы ресми жауап берілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Instagram желісіндегі «Маңғыстаудың қазына іздеушілері» парақшасының авторы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы аумағындағы Шопан ата мәдени-мемориалдық ескерткіш аумағындағы құдықты зерттеуге рұқсат алу үшін үндеу жазды.
Қазына іздеуші жерасты мешітін зиярат етіп келгендердің қарасы көп екенін, нәтижесінде бұрын осы құдықтан екі шелек тиын жиналғанын, оны алу үшін бұрын құдыққа түскендер болғанын айтты.