$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Оңтүстік Кореяда орман өртінен төрт адам қаза тапты

AstanaTV
23.03.2025ж. 16:21
210
Оңтүстік Кореяда орман өртінен төрт адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс аймағында қатты желдің салдарынан орман өрттері таралып, төрт адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Сонымен қатар, шамамен 1500 адамэвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap басылымына сілтеме жасап.

«Өрт Санчхон аймағында, ел астанасы Сеулден 250 шақырым қашықтықта, 22 наурыз күні басталған. Кейін жалын басқа өңірлерге де тараған. Зардап шеккен алты адамның бесеуі ауыр жарақат алған. Барлық қаза тапқандар Санчхон ауданынан табылған», — деп жазады басылым.

Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық штабтың мәліметінше, өртті сөндіру үшін 30 тікұшақ жұмылдырылған. Бірақ 24 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Санчхондағы жалынның тек 30%-ы ғана сөндірілген.

Оқиғаға байланысты төтенше жиналыста диспетчерлік орталық басшысының орынбасары Ли Хан Гён өрт сөндіру қызметіне барлық қолжетімді ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

«Орман өрттері құрғақ ауа райына байланысты тез таралып, халықтың өміріне қауіп төндіруде. Біз өртті тез арада бақылауға алу үшін бар күшімізді саламыз», — деді ол.