$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды: Түркияда наразылықтар күшейді

AstanaTV
23.03.2025ж. 17:37
172
Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды: Түркияда наразылықтар күшейді

Ыстамбұл соты қаланың мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ВВС агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура Имамоғлуға бірнеше ауыр айып тағып отыр. Олардың қатарында қылмыстық топты басқару, оған қатысу, пара алу және алаяқтық бар. Алайда мэр өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, бұл істі саяси астары бар деп санайды.

Айта кету керек, оның тұтқындалуы оппозиция тарапынан Имамоғлуды 2028 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынуға санаулы күндер қалғанда орын алды.

Оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырды. 19 наурызда мэрдің қамауға алынуы Түркияның түрлі өңірлерінде жаппай наразылықтарға себеп болды. Тыйым салынғанына қарамастан, жұма кешінде Анкара, Ыстамбұл және басқа да ірі қалаларда демонстрациялар өтті. Ел бойынша 300-ден астам адам ұсталғаны белгілі болды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға Түркиядағы ішкі саяси ахуалға және ұлттық валюта лираның бағамына елеулі әсер етуі мүмкін.