ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскеменде Назарбаев даңғылында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде 15 ш.м. алаңда жиһаз және жеке заттар жанды.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден құтқару капюшондарының көмегімен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады және өртті тез арада сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.