$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Қандыағашта босанған әйел депрессия жағдайында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

AstanaTV
23.03.2025ж. 22:50
214
Қандыағашта босанған әйел депрессия жағдайында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жаңа босанған әйел депрессия жағдайында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, 23 наурыз күні Қандыағашта кәмелет жасқа толмаған екі баланың денесі табылған.

«Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны, ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған.

Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды. Тергеу полиция басшылығының бақылауында», – делінген облыстық ПД хабарламасында.