Павлодар облысы Ақсу ауданы Қызылжар ауылында өткен бәйгеде 16 жастағы шабандоз аттан құлап, жарақат алды. Жасөспірім дереу ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
IrbisTV дерегіне сүйенсек, Құнан бәйгеде жас шабандоз тізгіндеген тұлпар үркіп, жарық бағанына соғылған. Салдарынан жасөспірім жерге құлап, жарақат алған. Ол дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"2008 жылы туған бала бас-ми жарақатымен келіп түсті. Оған ота жасалып, бірқатар емдеу шарасы жүргізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында", – деп хабарлады Ақсу әкімдігінің баспасөз қызметі.