$503.42 €542.08 ₽6
×

Астанада құтқарушылар өрт шыққан үйден 60 адамды эвакуациялады

AstanaTV
24.03.2025ж. 10:11
136
Астанада құтқарушылар өрт шыққан үйден 60 адамды эвакуациялады

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Астанада өрт шыққан көпқабатты үйден шамамен 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Екінші және төртінші қабаттардың арасындағы электр қалқаны өртенген.

“Өрт сөндірушілер шақырту орнына жедел жетіп, автосаты мен үш буынды сатыны орнатып, түтін басқан аймақтан 13 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 45 адам эвакуацияланды, оның 12-сі – балалар. Өрт толық сөндірілді, себебі анықталып жатыр”, – деп хабарлады ведомстводан.